RU
"Отыздан асқан қыз": Айқын мен Хамитов Жолдыбаеваның бейнебаянын сынап тастады

"Бүлдіршіндер қарайды: Айқын мен Хамитов Жолдыбаеваның бейнебаянын сынап тастады

Рассказать Вконтакте

Қазақcтандық шоу-бизнесте өзіндік орны бар Кәмшат Жолдыбаеваның жаңа бейнебаянын әріптесі Айқын Төлепберген сынап тастады деп хабарлайды НТК арнасындағы РЕВЮ бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/aikyn, kamshat_zholdybayeva, kuat_khamitov

Фото: Instagram/aikyn, kamshat_zholdybayeva, kuat_khamitov

Жолдыбаеваның махаббат тақырыбындағы жаңа бейнебаяны Айқын Төлепбергеннің көңілінен шықпады.

"Енді адамдар музыкасымен, баурай алмаған адамдар уже сондай шешінуге барады деп ойлаймын. Кәмшат, енді не касается, Кәмшат енді өзінің образы енді отыздан асқан қыз ғой. Сондай бір образды ұстағысы келетін шығар. Бірақ енді ол Қазақстанда қатты өте бермейді деп ойлаймын. Көбіне музыкасымен алу керек қой", - деді ол.

Бағдарлама мәліметінше, Кәмшаттың ашық-шашық образы аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитовқа да жақпай қалған.

"Елдің алдында жүргеннен кейін жаңағы оған көптеген бүлдіршіндер қарайды. Көптеген жастар қарайды. Қыз-қарындастарымыз қарайды, сондықтан кішкене ондай клиптарды түсірмей-ақ қойса деп мен айтатын едім негізі. Оны мың адам емес, он мың адам емес, миллиондаған біздің жастарымыз көреді", - деді спортшы.

Ал жас әнші Айри Жолдыбаеваның еңбегін құрметке лайық деп бағалады.

"Жалпы қатты ұнады. Керемет задумка, жалпы Кәмшатта мін жоқ. Ол әрдайым өте креативтік, сексуальная дейміз ғой. Сондай бір талғамы өте жоғары, музыкадан да, жалпы образдан да талғамы өте жоғары маған қатты ұнады", - деді өнер иесі.

Айта кетейік, Кәмшат Жолдыбаева "Ех ех" атты су жаңа бейнебаян ұсынып, тағы да ел назарына іліккенін хабарлаған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз
16
2
2
0
2
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel