RU
"Арнайы тапсырыспен": Нұрболхан Шарапов өзіне қатысты сот салдарынан жапа шегіп қалған
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Арнайы тапсырыспен": Нұрболхан Шарапов өзіне қатысты сот салдарынан жапа шегіп қалған

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әзілкеш Нұрболхан Шарапов Ләйлә Сұлтанқызымен болған дауға қатысты сот отырысы өзін әбден мезі қылғанын жасырмады. Ол 19 тамыздан бері түйінің таппай келе жатқан сот салдарынан жапа шеккенін де жайып салды деп жазады "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Анықталғандай, әзілкешті той басқаруға шақырушылар саны азайып кетіп, оның әлеуметтік желідегі барлық парақшалары бұғатталып қалған.

"Арнайы тапсырыспен бұзылғанын білдік кейін. Себебі, youtube арнамды да, gmail почтамды да, инстаграмды да бір уақытта бұзып алды. Ол хаккерлер Украинада отыр, бірақ тапсырыс берген, тіркелген нөмір казахстанкий номер. Демек ол тапсырыспен берілген нәрсе." , - деді Шарапов.

Оған қоса, Нұрболхан өзін сотқа берген танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызымен бір ұшақта кездесіп қалғанын айтты.

"Бір қызықты жағдайда, ұшақта кездесіп қалдық. Бизнес-класста, бір қатарда жақын жерде отырып қалдық бір кездері. Ол кезде сөйлескен жоқпыз. Мен амандастым, ол кісі амандасқан жоқ менімен" , - деді ол.

Сіздің реакцияңыз
12
1
3
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel