RU
Қазақстанның бұрынғы полиция қызметкері Сирияға кетіп, террористер жағында соғысқан

Қазақстанның бұрынғы полиция қызметкері Сирияға кетіп, террористер жағында соғысқан

Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтанда Сириядан келген 14 қазақстандыққа қатысты сот жалғасуда. Оралғандардың бірі Сирияға бармас бұрын полицияда қызмет еткені анықталды деп хабарлайды "Астана" телеарнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Телеарнаның хабарлауынша, оралғандардың ішіндегі ең үлкені - 50 жастағы Ғазинұр Бақытжанов Сирияға кетпес бұрын құқық қорғау органдарында қызмет еткен.

Сотталушы Сирияға 2013 жылы ағасымен бірге кеткенін айтты. Ер адамдар жихад болып жатқан кез келген жерге баруды ұйғарады.

Ғазинұр Сирияда "Бабай" лақап атын алған. Ол әскери операцияларға қатысып, террористер жағында соғысқан басқа қазақстандықтардың әйелдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз еткен.

Түсінік беру барысында айыпталушы 1990-1992 жылдары ішкі істер бөлімінде, бірнеше ай ереше мақсаттағы полиция жасағында жұмыс істеп, кейіннен муниципалдық полиция қатарына ауысқанын мәлімдеді.

Сот процесінде куәгер ретінде елге қайтарлығандардың әйелдері мен туыстары сөйледі. Олар күйеулерімен бірге Сирияға аттанған, алайда кейбірі соғысқа бара жатқандарынан бейхабар болған.

Ғазинұрдың әйелі сотта шариғатты ұстанатын "мұсылмандар ортасындағы еркін әлемде" отбасымен бірге тұрамын деп ойлағанын айтты.

Әйелдердің барлық елестері мен адасушылықтары жойылғаннан кейін, олар Қазақстанға оралуға шешім қабылдадйы, бірақ оралатын жол жабық болған.

Еске сала кетсек, Сириядан елге оралған 14 қазақстандықтың бәрі ДАИШ террористік тобына қатысқан деп күдіктелуде. Оларды терроризмді насихаттады деп айыптап жатыр. Сотталушылардың ең жасы - небәрі 22 жаста.

Прокурор айыпты оқу барысында істің қорқынышты детальдарын айты. Қазақстандықтардың бірі кесілген адамның бастарымен суретке түскен.

Сіздің реакцияңыз
1
1
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel