RU
Желіде кішкентай балақайдың көше ортасындағы құдыққа түсіп кеткен видеосы тарауда

Желіде кішкентай балақайдың көше ортасындағы құдыққа түсіп кеткен видеосы тарауда

Рассказать Вконтакте

Желіде көше ортасында жол үстіндегі құдыққа түсіп кеткен бүлдіршіннің видеосы тарап кетті. Онда жасы шамамен 2-3 жастағы бөбектің жабулы тұрған құдықтың үстіне барып, артынша оның ішіне құлап түскенін анық көруге болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Скриншот видеодан алынды

Скриншот видеодан алынды

Instagram қолданушылары кешелі бері аталмыш видеомен бөлісіп әлек. Сондай-ақ оқиғаның қашан және нақты қай қалада болғаны да әзірге белгісіз.

Кадрдан балақайдың көше ортасындағы құдықтың үстіне тұрғанын, артынша құдық қақпағының аударылып кеткенін анық көруге болады.

Абырой болғанда баланың анасы мен оқиғаға бей-жай қарай алмаған жандар дереу көмекке келіп, бүлдіршінді құдықтан шығарып алған.

Желі қолданушылары жүрек сыздатар видеоны көріп, балаларға абай болуға шақырған. Олар:

"Көшеде абай болмаса қиын, сақ болыңыздар", "Қандай ауыр видео", "Құдық мәселесі қашан шешіледі екен?" деген пікірлерін жаудырып жатыр.
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
2
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel