RU
Елбасы Джокович-Надаль арасындағы теннис матчында "толқын" жасады

Елбасы Джокович-Надаль арасындағы теннис матчында "толқын" жасады

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұтан Назарбаев 24 қазанда әлемдік теннис жұлдыздары Новак Джокович пен Рафаэль Надаль арасындағы қайырымдылық матчқа барды. Ол кездесуді "Барыс Арена" стадионындағы арнайы орыннан бақылады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Спорттық іс-шараның суреттерімен Елбасының Instagram желісіндегі ресми парақшасы бөлісті.

Матч барысында стадион дәстүрлі "толқынды" жасайды, сол сәтте Елбасы да тысқары қалмай, көпшілікке қосылған.

Екі жұлдыз арасындағы кездесу Рафаэль Надальдің жеңісімен аяқталған. Ойынның жалып есебі - 11:9.

Еске сала кетейік, Новак Джокович пен Рафаэль Надаль Қазақстанға бір күндік сапармен келді. Олар теннис академиясының ашылу салтанатына қатысып, қазақстандық журналистермен кездесіп үлгерді.

Оған қоса, теннисшілер Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті.

Кездесу барысында спортшылар мен президент сыйлықтармен алмасты.

Сонымен қатар, Надаль мен Джокович Нұрсұлтан Назарбаевпен де кездескен. Олар Елбасыға сыйлықтарын ала келіпті.

Одан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев матч алдында Рафаэль надальдің телефонымен Испанияның экс-королі Хуан Карлос I-мен сөйлесті.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel