Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Халыққа көрсетуден қорқамын": Мөлдір Әуелбекова сүйіктісін елден неге жасырып жүр

Опубликовано:

Бірінші некесі сәтсіз аяқталған Мөлдір Әуелбекова сүйіктісін кездестіргенін растады. Әнші жеке өміріндегі жағымды жаңалығы туралы Shownews.kz порталына берген сұхбатында айтып берген.

Өнер иесі алғашқы жары Арыстанды көпшілікке таныстырып, тіпті отағасымен бейнебаян түсірген де еді. Алайда бұл жолы аузы күйген Әуелбекова сүйгенін жария етуді қаламайтынын айтты.

"Оны халыққа көрсетуден қорқамын. Себебі, ара-қатынасымызға кері әсері тиіп кетуі әбден мүмкін. Жақында жеке өмірімде жаңалықтар болады. Күтіңіздер. Сүйіктім бар. Ол жанға ешқандай талап қоймаймын. Әзірше құпия болып қала берсін. Уақыты келгенде білесіздер. Келесі клиптің сюжетінде баянды махаббатты суреттейміз. Тың туындымды сүйіктіме арнағаныммен, басқа жігітті актер етіп таңдадым", - деді әнші.

Сондай-ақ әнші ертерек тұрмысқа шығып, балама бауыр туып берсем деген жоспарымен де бөлісті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1824097-halykka-krsetuden-korkamyn-mldir-uelbekova-sjiktisin-elden-nege-zasyryp-zr/

pixel