Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Батыс Қазақстан облысында ағалы-інілі екі бала жоғалып кетті (фото)

Опубликовано:

Батыс Қазақстан облысында жоғалып кеткен бес және екі жастағы екі баланы арнайы мамандар екінші күн іздестіруде. Бүлдіршіндер Ақжайық ауданы Жанама ауылында көзден таса болған деп хабарлайды ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: ҚР ІІМ ТЖК
Фото: ҚР ІІМ ТЖК: UGC

Комитет мәліметінше, ағайынды балалардың жоғалғаны туралы кеше, 24 қазанда кешкі 9-да ата-анасынан хабарлама түскен.

Құқық қорғау органдарына хабарлама алғаннан кейін іздестіру шараларын ұйымдастырған.

Балалардың сағат 4 шамасында үйінен шығып кеткені, содан бері ешкімнің көрмегені хабарланды.

Оларды тек полиция мен төтенше жағдайлар департаменті ғана емес, жергілікті тұрғындар да іздестіруде.

Фото: ҚР ІІМ ТЖК
Фото: ҚР ІІМ ТЖК: UGC

Бүгін Орал қаласынан үйретілген иттер жіберілді.

Балаларды іздеу жұмыстары жалғасын тапқан.

Құтқарушылар мен еріктілер Жанама ауылының ғана емес, сонымен қатар жақын орналасқан елді мекендердің аумағын да тексеруде.

Еріктілер мен полиция қызметкерлері ауылға жақын орналасқан орманды тексеріп жатыр.

Ведомство мәліметінше, балаларды іздестіру жұмыстарына төтенше жағдай комитетінен 30 қызметкер, 2 арнайы техника және 200-ге жуық еріктілер жұмылдырылған.
Фото: ҚР ІІМ ТЖК
Фото: ҚР ІІМ ТЖК: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1824098-batys-kazakstan-oblysynda-agaly-inili-eki-bala-zogalyp-ketti-foto/

pixel