Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Америкалық полиция түйіліп қалған бір жасар баланы құтқарып қалды

Опубликовано:

Америкада полиция қызметкерлері крекерге түйіліп қалған бір жастағы баланы аман алып қалды. Баласын алып көшеге жүгіріп шыққан әйелге жедел жәрдем келгенше полиция көмектескен деп жазады Daily Mail порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Daily Mail
Фото: Daily Mail: Facebook

Флорида штатындағы Киссимми қаласында түйіліп қалған баласын көшеге жүгіріп алып шыққан әйелді потрульдік полиция қызметкерлері көріп қалды. Бұл кезде баланың денесі көгеріп, өмірдің ешқандай белгілерін көрсетпеген. Олар бірден баланы алып, оның арқасынан қаға бастайды.

Тез арада жедел жәрдем қызметін шақырған қызметкердің бірі байбалам салып тұрған ананы бір шетке апарып, екіншісі баланы құтқаруды жалғастырады. Осының арқасында бала дем ала бастайды. Полиция қызметкерлері баланың тамыр соғысын тексеріп, оны медицина мамандарына тапсырған.

Анасы қатты стресс алғаны болмаса, қазір баланың жағдайы жақсы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1824104-amerikalyk-policia-tjilip-kalgan-bir-zasar-balany-ktkaryp-kaldy/

pixel