RU
Отандық жас актриса кино әлеміне төсек арқылы келетін қыздар туралы айтты

Отандық жас актриса кино әлеміне төсек арқылы келетін қыздар туралы айтты

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық киноларда жиі көрініп жүрген актриса Мадина Оспанова фильмге төсек қатынасы арқылы "өтуге" қатысты пікірімен бөлісті. Бойжеткен мұндай ерсі әрекетсіз-ақ қалаған рөлге қол жеткізуге болатынын айтты деп жазады "TalkLike" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Мадина Оспанова өз тәжірибесінде мұндай ұсынысқа тап болып көрмегенін жеткізді. Алайда, төсек арқылы киноға өту жайлы естігені бар болып шықты.

"Қазір түсіріліп жатқан кинолар көп. Баяғыдай емес қой, бір-екі режиссер бар. Солар ғана түсіретін. Соларға өткісі келеді. Тіпті, бұл жайт актрисалардың өзіне байланысты сияқты.

Төсек арқылы өтіп жүрген нәрсеге сен өз күшіңмен де өте аласың. Киноға төсек арқылы келу жолы бізде бар ма, жоқ па, білмеймін. Бірақ, айтып жатады ғой.

Алайда, менің өз басымда ондай нәрселер болған жоқ. Тіпті, оған ұқсайтын нәрсе болған емес. Мен тіпті, ондай ұғым неге бар деп те ойланатыным бар" , - деді Мадина Оспанова.

Айта кетейік, бұған дейін Мадина Оспанова "ТТТ" деген ғашығы жайлы сырын шерткен болатын.

Сіздің реакцияңыз
0
4
0
0
5
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel