RU
"Маңызды келісімдер": Тоқаев пен Лукашенко күрделі мәселелерді талқылады

"Маңызды келісімдер": Тоқаев пен Лукашенко күрделі мәселелерді талқылады

Рассказать Вконтакте

Қазақстан мен Беларусь басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Лукашенко Ақордада өткен келіссөздер барысында бірқатар күрделі мәселелерді талқылап, "маңызды келісімдерге" келді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Лукашенко. Фото: NUR.KZ

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Лукашенко. Фото: NUR.KZ

"Біз жабық форматта негізгі күрделі мәселелерді көтердік. Себебі, қалай болған күнде де, ең жақын мемлекеттердің бір-бірімен қарым-қатынасында талқылауды, нақтылауды және ең бастысы, шешімді қажет ететін сұрақтар туындайды.
Өтіп жатқан келіссөздер нәтижесінде біз өте маңызды келісімдерге келіп жатырмыз деп есептеймін және олардың таяу арада жүзеге асатынына сенімдімін", – деді Тоқаев.

Ол сондай-ақ Қазақстанның Беларусьпен байланысты күшейтуге мүдделі екенін жеткізді.

Өз кезегінде, Лукашенко екі елдің арасында іс жүзінде түйіткілді мәселелер жоқ екенін, тек экономика саласы талқылауды қажет еткенін мәлімдеді.

"Біз бүгін шағын құрамда нақ осы экономика саласындағы диалогты шешуге екпін жасадық. Себебі, іс жүзінде саяси, әскери-техникалық ынтымақтастық, дипломатия сынды өзге салаларда басқа түйткілді сұрақтар жоқ.
Президент атап өткендей, халықаралық күн тәртібіндегі негізгі күрделі мәселелер бойынша біздің көзқарастарымыз бірізді және ұқсас. Қазақстан – біздің негізгі сауда серіктесіміз. 3 жылда тауар айналымы екі еседен көп өсіп, 2018 жылы 900 млрд долларға жетті", – деді Лукашенко.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel