RU
Мәскеуде Макгрегор тоқтаған қонақүйді дағыстандықтар қоршап алды (видео)
Жаңалықтар Калейдоскоп

Мәскеуде Макгрегор тоқтаған қонақүйді дағыстандықтар қоршап алды (видео)

Рассказать Вконтакте

Дағыстандықтар ирландиялық спортшы Конор Макгрегор тоқтаған Мәскеудегі "Ритц-Карлтон" қонақүйін қоршап алды деп хабарлайды Lenta.ru-ға сілтеме жасған KAZ.NUR.KZ.

Конор Макгрегор. Фото: Владимир Астапкович / РИА Новости

Конор Макгрегор. Фото: Владимир Астапкович / РИА Новости

Аталған видео Sport24 Twitter-аккаунтында пайда болды.

Қонақүй маңында бірнеше ондаған адам жиналған. Сондай-ақ, ол жерді ОМОН қызметкерлері күзетіп отырғаны белгілі болды.

"Бүгін Конордың мәлімдемесін көрдік. Ол дағыстандықтардың өзінен қашқақтап жүргенін айтты. Біз "Ритц-Карлтон" қонақүйіне келдік. Олар спортшының мұнда жоқ екенін айтып бағуда. Бірақ біз осында отырып, оның төмен түскенін кұтіп отырамыз деп шештік", – дейді Хабибтің жанкүйерлерінің бірі.

Айта кетейік, 24 қазанда өткен баспасөз мәслихатында Макгрегор Нурмагамедовтың онымен Мәскеуде жекпе-жек өткізуге қорқатынын мәлімдеген болатын.

"Ол тек өзі жеңе алатын адамдармен ғана төбелеседі. Барлығымыз дағыстандықтардың қандай екенін білеміз. Олар қашады, қорқады. Хабиб те солай. Оның табиғаты сондай. Ол осында, Мәскеудегі баспасөз мәслихатынан қашып кеткен", – деді Конор.

Сондай-ақ ирландиялық спортшы аталған баспасөз мәслихатында аралас жекпе-жекке қайта оралғанын мәлімдеген болатын.

Сіздің реакцияңыз
1
2
1
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel