RU
Қорғаушы Ахметовтің мемлекеттік қызметке оралуына рұқсат беруді сұрады

Қорғаушы Ахметовтің мемлекеттік қызметке оралуына рұқсат беруді сұрады

Рассказать Вконтакте

Серік Ахметовтің қорғаушысы оның мемлекеттік қызметте жұмыс жасауына салынған тыйымды алып тастауды сұрады. Қорғаушы бүгін бұрынғы премьер-министрдің шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініші қаралып жатқан сот отырысында осындай мәлімдеме жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Серік Ахметов. Фото: NUR.KZ

Серік Ахметов. Фото: NUR.KZ

"Серік Нығметұлы Ахметовті бес жылға мемлекеттік органдарда қызмет етуіне тыйым салуды қарастыратын қосымша жазадан босату мәселесін қарауды сұраймыз. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды және қосымша жазаны алып тастауды сұраймыз", – деді қорғаушы Николай Лесник.

Сондай-ақ ол Ахметовтің өз қылмысымен мемлекетке келтірген шығынын толық өтегені жөнінде дәлелдер ұсынды. Судья бұл құжаттарды қабылдап, істің материалдарына тіркеді.

Серік Ахметовтың өзі сот отырысында сөз сөйлеген жоқ. Сондай-ақ сотқа жазбаша түрде бұрынғы шенеуніктің шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуына қарсы емес екенін білдірген Қарағанды облысы Қылмыстық атқару жүйесі комитеті пробация қызметінің өкілі де мәлімдеме жасамады.

Бұрынғы премьер-министр Серік Ахметовтың өтініші қаралып жатқан Қарағандыдағы Қазыбек би аудандық сотында прокуратура өкілі оның босатылуына қарсы шыққан болатын.

Еске сала кетейік, 23 қазанда Ахметов өзін шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішпен сотқа жүгінді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel