Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе-Алматы пойызында жас келіншек ойда-жоқта босанып қалды

Опубликовано:

Жолаушылар пойызда толғағы ұстаған келіншекті босандырып алды. Бұл жағдай Ақтөбе-Алматы-1 бағытындағы пойызында болған деп жазады "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: "Жолаушылар тасымалы" АҚ
Фото: "Жолаушылар тасымалы" АҚ: Depositphotos

Осы жылдың 24 қазанында 5-ші вагонның жолсерігі Руслан Байекешов пойыз басшысы Сағынай Жүсіпке жолаушылардың бірінде толғақ басталғанын хабарлаған. Шу бекетінде ауыра бастаған әйелге медициналық көмек керек болыпты.

Пойыз бригадасы жүкті келіншекке көмек көрсету үшін нұсқаулықта жазылған ережелер арқылы тиісті шаралар қолданған.

Жақын станцияға жедел жәрдем қызметі шақырылған.

Одан бөлек, пойыз жолаушыларының арасында акушер мен дәрігер бар болып шығыпты. Олар толғағы қысқан келіншекке көмектесуге асыққан.

Ұлттық тасымалдаушы пойыз бригадасына көмектескен Бейбіткүл Құмғанбаева мен Евгений Колопиловқа алғыс білдірді.

Көптің көмегі арқылы дүниеге қыз бала келді. Нәресте мен анасы Отар бекетіндегі дәрігерлерге тапсырылды.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ анасы мен баласына денсаулық тілейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1824153-aktbe-almaty-pojyzynda-zas-kelinsek-ojda-zokta-bosanyp-kaldy/

pixel