Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сот Серік Ахметовті шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан бас тартты

Опубликовано:

Сот экс-премьер-министр Серік Ахметовтің бостандығынан шектеудің күшін жойып, шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырған жоқ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық №1 сотының судьясы Манат Жұмақаева үкімді жария етті.

"Сот үкім шығарды: Сотталушы Ахметов Серік Нығметұлының өтініші қанағаттандырылмайды",- деді Манат Жұмақаева.

Бұрынғы премьер-министрдің адвокаты Николай Лесниктің хабарлауынша, "Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың сот тәжірибесі туралы..." Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысында Серік Ахметовке қатысты шара қолданудың екі шарты бар.

"Бұл өтелмеген залалдың және жазаны өтеу тәртібін қасақана бұзудың болмауы. Серік Ахметов қандай да бір бұзушылықтарға жол берген жоқ, Пробация қызметінің талаптарын бұзбаған, сот талаптарын бұзбаған. Бұл екі шартты сөзсіз сақтаған", -деді ол.

Айта кетейік, бүгін Қарағанды аудандық сотында Серік Ахметовті мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы тыңдалым өтті. Ол екі күн бұрын өтініш тастаған, ал прокуратура оған қарсылық танытты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1824155-sot-serik-ahmetovti-sartty-trde-merziminen-bryn-bosatudan-bas-tartty/

pixel