RU
Бас прокуратура заңсыз митингтерге шақыруға қатысты үндеу жасады

Бас прокуратура заңсыз митингтерге шақыруға қатысты үндеу жасады

Рассказать Вконтакте

Бас прокурордың орынбасары Болат Дембаев қазақстандықтарға үндеу жасады. Ол ел азаматтарын 26 қазан күні Қазақстанда тыйым салынған ДВК ұйымы ұйымдастыратын митингке қатыспауға шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

ДВК ұйымының (Қазақстанда тыйым салынған) ұйымның өкілдері желіде қазақстандықтарды 26 қазан күні митингке шығуға шақырып жатыр.

Болат Дембаев бұл ұйымның мүшелері Қазақстан аумағында аса ауыр қылмыс жасағаны үшін шет елде жасырынып жүргенін айтты. Шекара асып кеткен олар мемлекет азаматтарын құқықбұзушылық әрекеттеріне шақырып, адамдардың қауіпсіздігіне қауіп төндіріп, қоғамда беймаза жағдай тудырады дейді бас прокурор орынбасары.

Дембаевтың сөзінше, олардың әрекеттері Конституция мен заң нормаларына қайшы келеді.

Бас прокурордың орынбасары қазақстандықтарды арандатушылыққа берілмеуге, заңсыз митингілерге қатыспауға шақырды. Экстремистік топтардан бас тарту қылмыстық жауапкершіліктен босатады.

Заңсыз акцияларға қатысқанлар қомақты сомада айыппұл төлейді немесе 15 тәулікке қамалады.

Сіздің реакцияңыз
7
2
1
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel