RU
Батыс Қазақстанда жоғалған екінші баланың денесі табылды

Батыс Қазақстанда жоғалған екінші баланың денесі табылды

Рассказать Вконтакте

Батыс Қазақстан облысында жоғалған екінші баланың денесі де өзеннен табылды деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Zakon.kz.

Фото: ҚР ІІМ ТЖК

Фото: ҚР ІІМ ТЖК

"16:50-де Жайық өзенінен сүңгуірлер екінші баланың денесін алып шықты", – деп мәлімдеді ТЖК баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, Батыс Қазақстан облысының тұрғындары 24 қазанда ағалы-інілі бес және екі жасар балалардың жоғалғанын хабарлап, полицияға жүгінген болатын.

Бүлдіршіндер сол күні шамамен 15:00-де Ақжайық ауданы Жанама ауылында көзден таса болған.

Бүгін БҚО полиция департаментінің бірлескен брифингінде таңғы 11-де Орал өзенінен 2014 жылы туған баланың денесі табылғаны мәлім болды.

Іздеу жұмыстарына кинологтар, полиция мен ТЖД қызметкерлерінен және еркітілерден 200 шақты адам жұмылдырылды.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel