RU
Алматылық судья 2 мың доллар параны қайтарып жатқан жерінде ұсталды (видео)

Алматылық судья 2 мың доллар параны қайтарып жатқан жерінде ұсталды (видео)

Рассказать Вконтакте

Алматыда Наурызбай ауданының судьясы ұсталды. Ол белгілі бір тұлғалардан пара алды деп күдіктелуде. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Видеодан кадрлар

Фото: Видеодан кадрлар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте хабарлағандай, Наурызбай ауданының судьясы 1,9 мың доллар мен 100 мың теңгені қайтармақ болған сәтте ұсталған.

Осы ақша үшін ол метрополитен тармағының құрылысы үшін иесінің пайдасына 97 млн теңге көлемінде өтемақы сомасын анықтаумен жер учаскесін алып қою туралы азаматтық іс бойынша мәселені шешуге уәде берген.

Ақша беру және судьяны тікелей ұстау сәті бейнеге түсіп қалған. Қазір оған қатысты қылмыстық іс жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
2
0
4
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel