RU
Астаналықтар құрылысы бітпеген үйдің "тыныш" құлағанына таң қалды (фото)

Астаналықтар құрылысы бітпеген үйдің "тыныш" құлағанына таң қалды (фото)

Рассказать Вконтакте

Демонтаж жөніндегі маман "Жайлылық аймағы-1" тұрғын үй кешенінің қалай құлағанын айтып берді. Сүрілетін ғимараттың опырылғанын көрші үй тұрғындары аса қатты сезінбеген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Тұрғын үй кешенін сүрумен айналысатын "Нұр Астана Құрылыс" құрылыс компаниясы блоктардың бірі жоспарлы түрде бұзылғанын хабарлады. Үй аулаға қарай ауыр техника мен металл тростармен созылған.

"Біз ғимаратты тартқыштарды, металл тростарды пайдалана отырып, құлатуды сәтті аяқтадық. Плиталарды кесу, одан кейін ауыр техника мен шығырлардың көмегімен бізблокты созып, ғимаратты бізге қажет болатын бағытқа дейін жеткіздік",- деді ғимарат демонтажы бойынша бас маман Алиакбар Мәмбеталин.

Сағат 11 шамасында ғимаратты құлату кезінде маңайда жиналған тұрғындар қатты гүріл мен қаптаған шаң болатынын күткен.

"Мен түнде осында болдым. Сағат 22:40- та жұмысты аяқтадық. Ғимараттан алыс емес жерде тұрдым. Біздің арнайы команда қатты дүрсіл мен шаң болмайтынына сенді. Менің оған көзім жетті., себебі щаң тек 10 метр радиуста ғана болды. Жақын маңда тұрған халық барлығын видоға түсіріп тұрды",- деді құрылыс компаниясының қызметкері.

Айта кетейік, бүгін әлеуметтік желіде құрылыс бітпеген ғимараттың құлаған видеосы тарап кетті. Кейіннен елорда әкімдігі тұрғын үш кешені жоспарлы түрде бұзылғанын хабарлады.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel