RU
Сахнада Есен Елеукеннің үстіне мініп алған танымал әзілкеш желіні жарды
Жаңалықтар Қоғам

Сахнада Есен Елеукеннің үстіне мініп алған танымал әзілкеш желіні жарды

Рассказать Вконтакте

"Жайдарман" ойындары кезінде Қазақстан "КВН Одағы" президенті Есен Елеукеннің арқасына мініп, түспей қойған әзілкеш елді шулатты. Дәнекер Оразбайдың сахнадағы "бұзықтығы" түсірілген видео желіде тарап кетті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сахнада Есен Елеукеннің үстіне мініп алған танымал әзілкеш желіні жарды

Видеодан алынған кадрлар

Желі қолданушыларының жазуынша, қызық оқиға Алматыда өткен "Түлектер кездесуінде" болған.

Әзіл әлеміне деген алғашқы қадамдарын қазақша КВН-нен бастаған әзілкештер "Жайдарманның" 20 жылдығына орай өзара бас қосыпты.

Олар өздерінің жастық шақтарын еске алып, алматылық көрерменнің көңілін көтерген.

Ойын барысында танымал әзілкеш Дәнекер Оразбай өзінің "еркелігін" көрсетіп, Есен Елеукеннің үстіне мініп алды.

Кешке жиналған жұртты қыран-топан күлкінің астында қалдырған сәттің видеосы jaidarman_online парақшасында жарияланды.

Мұны көрген желі қолданушыларының пікірі екіге жарылған. Олардың бірі Дәнекердің қылығын жәй әзіл ретінде қабылдап, күлкіге қарық болғандарын жазса, енді бірі әзілкештің әрекетін ерсі санайтындарын алға тартты.

Сіздің реакцияңыз
13
3
0
0
0
10
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel