Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында алтын киіммен жерленген сармат көсемінің қорғаны табылды (фото)

Опубликовано:

Ақтөбе облысы Темір ауданының Тасқопа елді-мекенінің маңынан б.з.д. V ғасырда алтын киіммен жерленген сармат көсемінің қорғаны табылды. Бұл туралы өңір басшысы Оңдасын Оразалин мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ақтөбе облысынан алтын киіммен жерленген сармат көсемінің қорғаны табылды (фото)
Фото: facebook.com/ Оңдасын Оразалин. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Facebook

Облыс әкімі сүйінші хабар жеткенін айтып, жерлестерімен құнды ақпаратпен бөлісті.

Тарихи жәдігерлер табылған мекеннен бірнеше сурет жариялаған Оңдасын Оразалин бұл оқиғаның тек Ақтөбе өңірі үшін ғана емес, күллі елге маңызы бар екенін жазды.

Ақтөбе облысынан алтын киіммен жерленген сармат көсемінің қорғаны табылды (фото)
Фото: facebook.com/ Оңдасын Оразалин: Facebook
"Өздеріңізге белгілі «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында және Елбасымыздың тапсырмасына орай тарихи-мәдени жәдігерлерді зерттеуді қолға алған болатынбыз. Қазба жұмыстарына тиісті шаралар алынып, қаржылай қолдау көрсетілді.

Бүгін, археологтардан ақжолтай хабар келді. Темір ауданының Тасқопа елді-мекенінің маңынан б.з.д. V ғасырда алтын киіммен жерленген сармат көсемінің қорғаны табылды.

Кезекті «Алтын киімді көне ескерткіш» - Ақтөбе өңірінің ғана емес, бүтін қазақ елінің тарихында ерекше орын алатын тарихи құндылық.

Ақтөбе облысынан алтын киіммен жерленген сармат көсемінің қорғаны табылды (фото)
Фото: facebook.com/ Оңдасын Оразалин. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Twitter
  • Кешегі Есік қаласынан, Шығыс пен Атыраудан табылған көне ескерткіштердің жалғасы бүгін Ақтөбе жерінен де көрініс берді. Бұл дегеніміз сол заманда қазақ жерін мекендеген бабаларымыз өркениеттің жоғары сатысында өмір сүргендігін көрсетеді.
Ақтөбе облысынан алтын киіммен жерленген сармат көсемінің қорғаны табылды (фото)
Фото: facebook.com/ Оңдасын Оразалин.: Facebook
Бұл қойнауы құтты, тарихы тереңде жатқан Ақтөбе өңірінен табылған құндылықтардың бастамасы ғана деп білемін. Мұндай тарихи жәдігерлер әлі де көптеп табылып, Дүние жүзінің алдында Қазақ елінің мәртебесін көтереді деп сенемін", - дейді Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1824218-aktbe-oblysynda-altyn-kiimmen-zerlengen-sarmat-ksemini-korgany-tabyldy-foto/

pixel