RU

24 жастағы жігіт әлемнің ең бай адамдарының тізіміне енді

Sino Biopharmaceutical қытай фармацевтикалық компаниясының негізін қалаушылардың ұлы кәсіпорынның 20% акциясын ата-аналарынан сыйлыққа алып, әлемдегі ең бай адамдардың бірі болды деп хабарлайды iz.ru сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: ndtv.com
Фото: ndtv.com: UGC

Bloomberg хабарлағандай, 24 жастағы Эрик Це-ге берілген қағаздардың нарықтық құны 3,8 млрд. долларды құрайды.

Жас жігіт акцияны грант түрінде алды. Тиісті хабарлама sino Biopharmaceutical акциялары сатылатын Гонконг биржасына берілді.

Басылым sino Biopharmaceutical тіркелген Гонконг қаласында сыйлықтар мен мұраға салық жоқ екенін нақтылайды.

Компания Қытайдың 200 ірі жеке кәсіпорындарының қатарына кіреді және гепатитті, ісіктерді және жүрек — қантамыр жүйесінің ауруларын емдеуге арналған бірегей дәрілердің аналогын өндіруге маманданған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1824220-24-zastagy-zigit-lemni-e-baj-adamdaryny-tizimine-endi.html