Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бес жұлдызды қонақүйдегі бала өлімі: Сұмдық оқиғаның мән-жайы анықталды

Опубликовано:

Оңтүстік астанадағы бес жұлдызды қонақүйде болған өлімнің жаңа мән-жайы белгілі болды. Анықталғандай, әкесі кішкентай баласын өлтірмес бұрын оны аяусыз соққыға жыққан деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Жантүршігерлік оқиға 24 қазан күні таңғы 7 шамасында "Интерконтиненталь" қонақүйінде болған.

Бес жұлдызды мекемеде ерлі-зайыптылар бір жарым жасар қызымен бірге болған. Мекеме қызметкерлері бұл отбасы туралы қандай да бір ақпарат бермеді. 

"Біз ол отбасы туралы қандай да бір ақпарат бере алмаймыз. Сол күні қонақ үйдің бөлмесінде отбасылық жанжал болғанын білеміз. Кейін анасы шырқырап фойеге жүгіріп келіп, бізден көмек сұрады. Аяусыз соққы көрген қызға алғашқы медициналық көмек көрсете бастадық. Кейін жедел жәрдем шақырып, баланы қалалық балалар ауруханасына алып кеткен.
Басынан соққы алып, есінен айырылған бүлдіршінге алғашқы медициналық қызмет көрсетіліп, жүрегі соға бастаған. Бірақ кейін жағдайы нашарлап, көз жұмады", - "Intercontinental Almaty" қонақүйінің сату және маркетинг директоры Әлия Даулетова.

Сұмдық жағдайға қатысты қалалық денсаулық сақтау бөлімі тілшілерге қандай да бір ақпарат бере алмады. Тек баланың ауруханаға тым ауыр халде түскенін, бас-миының қатты жараланғанын айтты. Ал өз қызын есінен танғанша ұрған әкенің үстінен қазір қылмыстық іс қоғзалды.

"Аталмыш жантүршігерлік қылмыс Бостандық ауданына қарасты қонақүйлердің бірінде орын алды. Кішкентай бір жарым жастағы бала өз әкесінің қолынан зардап шекті. Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалып ҚК-тің 99-бабы бойынша тіркеліп алдын-ала тергеу амалдары жалғасып жатыр. Сезікті азамат қамауға алынды ол уақытша оқшалау абақтысында қазір", - дейді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Егер күдіктінің кінәлі екендігі анықталса, сот оны 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1824223-bes-zldyzdy-konakjdegi-bala-limi-smdyk-okigany-mn-zajy-anyktaldy/

pixel