RU
Алматыда мас жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетті
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда мас жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетті

Рассказать Вконтакте

Алматыда жантүршігерлік жол апатынан әйел адам қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, оны мас жүргізуші қағып кетті деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Sputnik / Стрингер

Фото: Sputnik / Стрингер

Басылымның хаарламасында әйел адамның өтуге болмайтын жерде көшені кесіп кеткені айтылды. Сол кезде мас жүргізуші келіншекті қағып кетті.

Куәгерлердің айтуынша, Mercedes маркалы автокөлік жоғары жылдамдықпен қозғалыпты.

Сондай-ақ, куәгерлердің айтуынша, соқтығысқаннан кейін автокөлік бірнеше метр өтіп, одан кейін бұрылған. Осыдан соң көлік жолаушылар автобусына соғылды.

Марқұм 1963 жылы туған. Алған жарақат салдарынан әйел оқиға орнында көз жұмды. Апаттан кейін оның мәйітін құтқарушылар авто салонынан алып шықты. Жүргізушінің алкогольді мастануы медициналық сараптама нәтижесінде расталды.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel