RU
Сот Серік Ахметовтің неліктен босатылмағанын түсіндірді

Сот Серік Ахметовтің неліктен босатылмағанын түсіндірді

Рассказать Вконтакте

Судьялар еліміздің бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметовтің неліктен мерзімінен бұрын шартты түрде босатылмағанын түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ.

Ахметовтің бостандығының шектелу мерзіміне 1 жыл 11 ай және 22 күн қалды. Қазыбек би аудандық сотында хабарлағандай, Ахметов іс жүзінде екі жыл уақытын өтеді. Ол 2015 жылдың 11 желтоқсанынан үкім шығарылғаннан бастап колонияда отырған жоқ.

"Ахметовке қатысты рақымшылық жасау туралы заң қолданылған, сондай-ақ Абай соты бас бостандығынан айыруды бас бостандығын шектеуге ауыстырған", - деп хабарлады Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының баспасөз қызметі.

Сот атап өткендей, залалды өтеу, жұмысқа орналастыру ЖШС-ред.) жақсы мінез-құлық оның босатылуына негіз бола aлмайды.

"Жаза мерзімінің жартысын өтеу шартты түрде мерзімінен бұрын босату үшін негіз болып саналмайды", - деп хабарлады сотта.

Естеріңізге сала кетейік, Серік Ахметов шартты түрде мерзімінен бұрын шыққысы келді. Бірақ прокуратура оның босатылуына қарсы шықты. Ахметов сыбайлас жемқорлық қылмыстарының төрт фактісі үшін 10 жылға сотталған.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
3
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel