Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сүйіктісіне опасыздық жасаған жігіт қағаз түйрегіштен сақина жасап, кешірім сұраған

Опубликовано:

Джести Келли желіге күміс түсті жұқа темірден жасалған сақинаның суретін жүктеген. Жүзіктің сырт келбеті мен тарихы желі қолданушыларының көңілінен шықпай қалды деп хабарлайды lenta.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Facebook
Фото: Facebook: UGC
"Жігітімнің жетінші рет маған опасыздық жасағанын білгенімде, ол маған осы жүзікті сыйлады. Бұл бүгілген қаған түйрегіш. Ол мен қалаған жүзіктен екі есе кіші, бірақ мен оны жақсы көремін", - деп жазды қыз.

Желі қолданушылары мұндай сыйлықты жоғары бағаламады.

"Ол көзіңе шөп салғаннан кейін қағаз түйрегіштен сақина жасады ма? Қалқам, сен оның банк шотындағы ақшасцын алып, өзіңе ең үлкен гауһар тасы бар жүзік сатып алуың керек", "Жетінші рет опасыздық жасап осындай жүзік сыйлады ма? Неткен үнемшіл еді". "Бұл жай ғана қалжың деп үміттенемін. Олай болмаған жағдайда, екеуің де ессізсіңдер", "Міне сұмырай. Сен шынымен де онымен кездесуіңді жалғастырып жүрсің бе? ", "Өз көзіме өзім сенбеймін. Неткен бассыздық", - деп жарыса жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1824278-sjiktisine-opasyzdyk-zasagan-zigit-kagaz-tjregisten-sakina-zasap-kesirim-sragan/

pixel