Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайда адам өлтіргені үшін сотталған соғыс ардагері көз жұмды

Опубликовано:

26 қазан күні Қостанайда өз туысын өлтіргені үшін сотталған Ұлы Отан Соғысының ардагері Иван Сурков көз жұмды деп хабарлайды alau.kz.

Иван Сурков. Фото: alau.kz
Иван Сурков. Фото: alau.kz: UGC

Азамат 94 жаста болған.

Оған үй қызметінде көмек көрсеткен келіншектің сөзінше, азамат пансионатта кеше таңертең көз жұмған.

Оның айтуынша, осы айдың басында ер адам сәтсіз құлап, жамбас мойны сынған. Ол тәулік бойы көмек пен қамқорлықты қажет еткендіктен және оған қарайлайтын адам болмағандықтан Сурков жақсы күтім мен медициналық көмек алған пансионатқа жіберілген.

Ол ұйқыда жатқан жерінде дүниеден озды.

Айта кетейік, NUR.KZ соғыс ардагері жайлы осы жылдың ақпан айында хабарлады. Ол өз әйелінің 80 жастағы ағасын өлтірді деп айыпталып, жеті жылға бас бостандығынан шектелді. Сонымен қатар, 3 млн теңге моральді шығын өтейтін болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1824292-kostanajda-adam-ltirgeni-sin-sottalgan-sogys-ardageri-kz-zmdy/

pixel