RU
Асқар Мамин Мәскеуде Дмитрий Медведевпен келіссөз өткізді

Асқар Мамин Мәскеуде Дмитрий Медведевпен келіссөз өткізді

Рассказать Вконтакте

Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Мәскеуге сапары аясында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Үкімет басшылары кеңесінің және Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырыстарына қатысып, онда ТМД және ЕАЭО кеңістігінде экономикалық интеграцияға қатысты өзекті мәселелерді шешу бойынша бірқатар бастамаларды көтерді деп хабарлайды Премьер-министрдің баспасөз қызметі.

ТМД ҮБК шағын құрамда өткен отырысында Қазақстан Премьер-Министрі Достастық аясында сауда кооперациясын одан әрі нығайту, «өсудің жаңа нүктелерін» іздеу және инвестициялық капиталды тарту мәселелерінде проактивті позицияны қалыптастырудың қажеттілігіне назар аударды.

Үкімет басшысы алдағы үш жылға арналған ТМД инвестициялық стратегиясын әзірлеуді, озық тәжірибелермен алмасу және қаржылық қызметтерді өзара ұсыну жұмыстарын жандандыру үшін «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) мүмкіндіктерін пайдалануды ұсынды.

Сонымен қатар, сапар аясында ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы Д. Медведевпен екіжақты келіссөздер өткізді, оның барысында сауда-экономикалық өзара іс-қимылды, транзиттік-көлік және өнеркәсіптік салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel