Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда ұшақ шұғыл жағдайда жерге қонды

Опубликовано:

Атырауда ұшақ шұғыл жағдайда жерге қонды. Сол себепті, Нұр-Сұлтан қаласына жөнелтілетін рейс кейінге шегерілді деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Атырау халықаралық әуежайының анықтама қызметі мәлім еткендей, сенбі күні кешке қарай Нұр-Сұлтан қаласына аттануы тиіс КС 984 рейсі жексенбі күнгі 14:20-ға шегерілген.

Елордаға аттанбақ болған жолаушыларға рейстің шұғыл жағдайда жерге қонуға мәжбүр болуына байланысты кейінге шегерілгені айтылған.

Ұшақтың не себепті шұғыл жерге қонғаны жайлы ақпарат жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1824298-atyrauda-sak-sgyl-zagdajda-zerge-kondy/

pixel