RU
"Қорқақ сияқты көз жұмды": Трамп "Ислам мемлекеті" көшбасшысының қаза болғанын растады
Жаңалықтар Қоғам

"Қорқақ сияқты көз жұмды": Трамп "Ислам мемлекеті" көшбасшысының қаза болғанын растады

Рассказать Вконтакте

АҚШ әскери қызметкерлерінің Сирияда өткізген операциясы нәтижесінде "Ислам мемлекеті" көшбасшысы Әбу Бакр аль-Багдади көз жұмды. Бұл туралы жексенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеді деп хабарлайды golos-ameriki.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Дональд Трамп. Фото: lzb.lt

Дональд Трамп. Фото: lzb.lt

АҚШ азаматтарына теледидар арқылы үндеу жасаған президент өткізілген операция жайлы баяндады.

"Өткен түнде Құрама Штаттар әлемдегі нөмірі бірінші лаңкестік көшбасшыға сот төрелігін жасады. Операция барысында бір де бір америкалық әскери қызметкер жапа шеккен жоқ", – деп мәлімдеді президент.

Сонымен қатар, ол аль-Багдадидің көптеген лаңкестері көз жұмғанын, әскерилерге тиесілі қызметтік иттің жараланғанын түртіп өтті.

Трамптың сөзінше, "ИМ" көшбасшысы жер асты жолмен қашып кетпек болып, ақырында өз-өзін жарып жіберген. Нәтижесінде, үш бала қаза тауып, жер асты жол қопарылып кеткен. Ал "Ислам мемлекеті" ұйымының ұсталған лаңкестері қамауға алынған.

Операция барысында тікұшақтар мен ұшақтар, ұшқышсыз ұшақтар пайдаланылған.

АҚШ президентінің сөзінше, аль-Багдади "ит сияқты" және "қорқақ сияқты" көз жұмған екен. ИМ көшбасшысы қайтыс болған соң 15 минуттан кейін ДНҚ тесті оң нәтиже көрсетіпті.

"Олар оның ДНҚ-сын алып, зертханалық мамандарға (сол жерге арнайы барған) берді. Бұл үшін әскерилер Багдадидің денесіне туннельдегі сынықтар арқылы жетуге мәжбүр болды ",- деді журналистер сұрағына жауап берген Трамп.

АҚШ көшбасшысы аль-Багдадиге қарсы операцияны "таңғажайып жетістікке" теңеді. Ол америкалық әскерилер құрылысқа бірнеше секундта кіргенін жеткізді.

Америкалық әскерилердің ерлігі мен кәсібилігіне жоғары баға берген Трамп операцияға жәрдемдескені үшін Түркияға, Ресей мен Иракка алғыс білдірді. Сонымен қатар, ол Ресей америкалық операцияның сипаты туралы білмегенін де атап өтті.

Сіздің реакцияңыз
0
0
2
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel