RU
Атырауда сарбаз көз жұмды

Атырауда сарбаз көз жұмды

Рассказать Вконтакте

Атырауда менингиттен әскери қызметші қайтыс болды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

"26 қазан күні әскери бөлімнің фельдшері әскери қызметшіні ауыр жағдайда облыстық ауруханаға жеткізді. Клиникалық-зертханалық тексерістердің және салалық мамандардың консультацияларынан кейін науқасқа "менингококк инфекциясының күрт асқынатын түрі" алдын ала диагнозы қойылды.
Науқас жансақтау бөліміне жатқызылды. Жүргізілген интенсивті терапияға қарамастан, ол 5 сағаттан кейін қайтыс болды", - деп мәлім етті облыстық Денсаулық сақтау басқармасында.

Алдын ала мәлімет бойынша, сарбаз медициналық қызметке 26 қазан күні жүгінген екен. Ол әскери бөлімге 16 қазан күні келіпті.

"Денсаулық сақтау басқармасы оқиғаның анық-қанығын тексеру үшін комиссия құрды. 27 қазан күні әскери бөлімде эпидемияға қарсы, алдын алу шаралары өткізілді – науқаспен қарым-қатынаста болғандардың барлығын дәрігер қарап шықты, антибиотикопрофилактика басталды.
Байланыста болғандардың арасында менингококк инфекциясын жұқтыру белгілері бар тұлғалар анықталған жоқ. Медициналық бақылау жалғасуда", - деді Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасында.
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel