Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда Үндістаннан келген жұмысшылар төбелес шығарды

Опубликовано:

Нұр-Сұлтанда салынып жатқан нысандардың бірінің аумағында Үндістаннан келген жұмысшылар жаға жыртысқан. Бұл туралы NewTimes.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Twitter

Елордалық полиция департаменті хабарлағандай, оқиға кеше кешке салынып жатқан нысан жатақханаларының бірінде болған.

Үндістан азаматтарының қатарындағы жұмысшылар ішімдік ішіп, бір сәтте араларында жанжал шығып, соңы төбелеске ұласқан.

Оқиға салдарынан үш адам зардап шеккен.

Ал төбелестің сегіз қатысушысы полиция басқармасына жеткізілді.

Шетелдік жұмысшыларға қатысты "Бұзақылық" фактісі бойынша тергеу жұмыстары басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1824367-nr-sltanda-ndistannan-kelgen-zmyssylar-tbeles-sygardy/

pixel