RU
Томирис Байсафаның жұмбақ өлімі: Бойжеткеннің анасы Тоқаевқа алғысын айтты

Томирис Байсафаның жұмбақ өлімі: Бойжеткеннің анасы Тоқаевқа алғысын айтты

Рассказать Вконтакте

Өткен көктемде Мәскеуде қайтыс болған Томирис Байсафаның анасы Жанна Ахметова өзінің Instagram желісіндегі парақшасында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысын білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Мені қабылдап, істі зерттеп, тереңірек қарауға тапсырма бергеніңіз үшін алғыс білдіремін. Менің қайғыма көңіл аударғаныңыз үшін рақмет", - деді ол.

Қызынан айырылған Жанна Ахметова істі тергеу өте қиын жүріп жатқанын атап өтті.

Оның сөзінше, көшедегі камералардың видеосы "жоғалып" кеткен. Тиісті сараптама жүргізілмей жатыр.

"Президент араласқан соң, қазіргі уақытта іс Ресейдің тергеу комитетінің бас тергеу басқармасына берілді. Тергеу тобы құрылып, жаңа тергеуші тағайындалды", - деді Томирис Байсафаның анасы.

Ол тергеудің әділ болатынына сенім білдірді.

Еске сала кетсек, 21 жастағы Томирис Байсафа былтыр 13 сәуір күні Мәскеудегі халықаралық қатынастар институтының терезесінен құлап, кейін ауруханада көз жұмды.

Бойжеткеннің өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, Томирис Дағыстанның бұрынғы үкімет басшысы Мұхтар Меджидов Муртазалидің ұлына жауапсыз махаббатының салдарынан өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Зардап шегушімен бірге көрген ең соңғы адам да сол.

Алайда екі жақтың ата-аналары да қыз бен жігіттің бұрыннан кездесіп жүргенін, олардың бір-бірін сүйгенін айтады.

Мәскеу университеті аудиториясында не болғаны және қайғылы жағдайға кімнің кінәлі екенін тергеу әлі де анықтау үстінде.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
1
0
0
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel