RU
Желіде "Ислам мемлекетіне" қарсы операцияны бақылаған Трамптың суреті пайда болды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Желіде "Ислам мемлекетіне" қарсы операцияны бақылаған Трамптың суреті пайда болды (фото)

Рассказать Вконтакте

Ақ үй "Ислам мемлекеті" ұйымының көшбасшысы Әбу Бакр аль-Багдадидің көзін жою операциясын бақылаған АҚШ президенті Дональд Трамптың суретін жариялады. Бұл туралы РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: The White House

Фото: The White House

Осыған дейін америкалық көшбашысы АҚШ арнайы операциясы нәтижесінде Мирияда аль-Багдадидің көзі жойылғаны туралы мәлімдеген еді.

Ал суретте Трамп АҚШ елтаңбасы ілінген қабырға алдында отыр. Ал жанында вице-президент Майк Пенс, қорғаныс министрі Марк Эспер, ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші Роберт О'Брайен, Штабтар бастықтары біріккен комитетінің төрағасы генерал Марк Милли бар. Барлығы камера бағытына қарай сөз салып, салмақты түрде қарап отыр.

Одан бөлек, үстелде басқа да адамдар, оның ішінде әскери-теңіз киімдегі генерал бар екенін байқауға болады. Бірақ, олардың кім екені белгісіз. Үстелде қағаздар мен стационарлық телефондар, желіге жалғанатын түрлі-түсті кабельдер жатыр.

Риа Новости хабарлауынша, АҚШ арнайы операциясы нәтижесінде аль-Багдадиден бөлек, оның екі әйелі де көз жұмды. Олар тұрғын үй кешенінде өз-өздерін жарып жібермек болған.

"Аль-Багдадидің екі әйелі де өз-өзін жарып жібермек болды, бірақ ол жүзеге аспады. Дегенмен, олардың өлі болуы, ал өлім белдіктерінің іске қосылып тұрғаны біздің адамдардың жағдайын қиындатты. Себебі, алда не боларын ешқашан білмейсің. Олар жарылған жоқ, бірақ қаза тапты", - деді Трамп.
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel