RU

Жүрсін Ерман өз көңілінен шықпаған ақындар сахнаға да шықпайтынын жайып салды

Қазақтың төл өнері айтыстың дүлділі Жүрсін Ерман өз көңілінен шықпаған ақындар сахнаға да шықпайтынын айтты. Ақын жас таланттарды ел алдына шығармас бұрын, алдымен өз саралауынан өткізетінін жасырмады деп жазады "Қарақатпен шай" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кдар. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кдар. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Жүрсін Ерман жас ақындарды өнер сахнасына іріктеп, таңдап алуының себебін түсіндіріп берді.

Оның сөзінше, көптеген өнерпаздар айтыс талаптарына сай болмай жатады.

"Менің көңілімнен шықпағандар сахнаға шықпайтыны рас. Оны мойындау керек. Өйткені, мен осы күнге дейін бірде-бір ақынды өзім жеке көріп, тыңдап, сынға салып, сынақтан өткізіп барып сахнаға шығарамын. Мен өнер мен халтураның арасындағы шекерашы сияқтымын. Себебі, халықтың алдына шыққан ақын, көптің ойынан шығу керек, көптің күткен сөзін айта білу керек.
Ол көркемдік шеберлікті меңгеру керек. Айтыстың түрлі амал-тәсілдерін жетік білу керек. Толық білмесе де, сол талапқа сәйкес болу керек. Көрмеген ақынды сахнаға шығармайтыным арқылы "Жүрсіннің көңілінен шықпағандар сахнаға шықпайды" деген рас болу керек.
Мен халықтың алдында жауап беруім керек қой. Менің бетім қызармау керек қой. Ұятқа қалмауым қажет. Менің баптап әкелген ақындарым халықтың ойынан шықпай жатса, айтыстың мәні бола ма" , - дейді ақын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1824377-zrsin-erman-z-kilinen-sykpagan-akyndar-sahnaga-da-sykpajtynyn-zajyp-saldy.html