RU
Жүрек тұсына шеге қадалған ағаш ұстасы ғажайыптың күшімен аман қалған
Жаңалықтар Калейдоскоп

Жүрек тұсына шеге қадалған ағаш ұстасы ғажайыптың күшімен аман қалған

Рассказать Вконтакте

АҚШ-тың Техас штатының тұрғыны Аарон ағаш өңдеумен және жиһаз жасаумен айналысады. Алайда кезекті жұмысында жаңа тапсырыс алған ер адам абайсызда о дүниелік бола жаздаған деп хабарлайды life.ru сайтына слтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Twitter / David Gonzalez

Фото: Twitter / David Gonzalez

Ер адам әдеттейгідей шеберханасында жұмыс істеп жатқан кезде шеге қағатын тапаншасы кенеттен істен шығып қалды.

Құралды тексермек болған Аарон бір қолымен тапаншаны жөндей кеткен.

Daily Mail басылымының мәліметінше, құралда тұрған шеге күтпеген жерден ағашқа емес, ер азаматтың жүрек тұсына қадалыпты.

Аарон бар күшімен шегені суырып алып, есінен танған. Ал оның жанында тұрған әріптесі бірден жедел жәрдем шақырып, Аарон ауруханаға лезде жеткізілген.

Отадан кейін дәрігер ер адамның ғажайыптың күшімен тірі қалғанын айтты. Айтуынша, денесі кірген затты алуға тыйым салынады. Себебі ол қанды тоқтатып тұрады.

Алайда Ааронның жолы болған. Өйткені шеге өмір сүру үшін маңызды болып саналатын ағзаларды зақымдамаған.

Ауруханада емделіп шықаннан кейін бір айдан соң ағаш ұстасы жұмысқа қайта оралып, тапаншаны қолданып жүр.

Ааронның дәрігері жыл сайын ауруханаға шегеден зардап шеккен 37 мыңға жуық адам келіп түсетінін айтады, бірақ мұндай жағдай мүлде болмаған екен.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel