RU
"Астананы" ойсырата жеңген "Аз Алкмар" футболшысы бірнеше тісінен айырылып қалды

"Астананы" ойсырата жеңген "Аз Алкмар" футболшысы бірнеше тісінен айырылып қалды

Рассказать Вконтакте

Нидерланды чемпионатының 11 турында "Псв" мен "Аз Алкмар" кездесті. Матч барысында Еуропа лигасында "Астанаға" қарсы ойнаған Пантелис Хатцидиакос бірнеше тісінен айырылып қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Футболшылардың қақтығысы Twitter желісіндегі Drafts_2 тобында жарияланды.

Келеңсіз жағдай ойынның 79 минутында орын алды.

Желіде тараған видео кадрынан "Псв" шабуылшысы Константиносом Митроглу мен Пантелис Хатцидиакостың әуедегі топқа таласқанын байқауға болады.

Осы сәтте "Аз Алкмар" футболшысына қарсылас команда ойыншысының шынтағы тиіп кеткен.

Соның нәтижесінде Пантелис Хатцидиакостың алдыңғы бірнеше тісі түсіп қалды.

Ал тартысты өткен ойында "Аз Алкмар" клубы "Псв" ұжымын 4:0 есебімен ойсырата жеңді.

Еске сала кетсек, Еуропа лигасы топтық кезеңінің үшінші турында "Аз Алкмар" "Астананы" қабылдады. Жоғары ойын үлгісін көрсеткен алаң иелері елордалық ұжымды 6:0 есебімен жеңді.

Сіздің реакцияңыз
0
1
3
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel