RU
Ринат Зайытов Ақтөбедегі айтыста бой көрсетті
Жаңалықтар Қоғам

Ринат Зайытов Ақтөбедегі айтыста бой көрсетті

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде өткен ақындар айтысына домбырасын алып, Ринат Зайытов та келді. Ақынның дүбірлі додаға қатысатыны осыған дейін хабарланған. Алайда ол айтыскер ретінде емес қазылар арасында отырған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ринат Зайытов сайлаудан кейін ел алдында көрінбей кеткен.

Ақынның келетінін естіген халық оның сахнаға шығуын күткен. Бірақ Ринат сахнада емес, әділ қазылардың қатарында отырды. Ақын тек айтыстың соңында ғана өлеңін оқыған.

Сонымен қатар, Ақтөбедгі айтысқа арнайы шақырту алып, "келем" деп уәде берген бірнеше ақынның келмей қалған.

"Біраз ақынымыз себептерін өздері біледі, келеміз деп келмей қалды. Оларды Алла кешірсін, әруақ ренжімесін. Әулиелердің сөзі бар: "Құдай ұрған оңалады, әулие ұрған оңалмайды". Әулие бәрін кешірсін, бір себептері болған шығар. Олар келмегенімен, басқалары ешкімді жоқтатқан жоқ", - дейді ақын Светқали Нұржан.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
1
1
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel