RU
WBO Қанат Исламның дау тудырған жеңісіне қатысты мәлімдеме жасады

WBO Қанат Исламның дау тудырған жеңісіне қатысты мәлімдеме жасады

Рассказать Вконтакте

Әлемдік бокс ұйымы (WBO) қазақстандық боксшы Қанат Исламның (27-0, 21 КО) намибиялық Уолтер Каутондокваны (18-2, 17 КО) жеңгеніне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ислам төрешілердің бір ауыздан шешімімен жеңіске жетті. Ол WBO International нұсқасы бойынша бірінші орта салмақтағы чемпион белбеуін қорғады. Осы жеңістен кейін WBO қазақстандық боксшыны өз рейтингісінде көтеруге уәде берді.

"Ислам — WBO рейтингісінде 8-і нөмірде тұр және одан әрі көтерілетін сияқты. Бұл Қанат үшін жақсы кештің бірі емес, алайда ол жеңу үшін жеткілікті нәрсе жасады", - деп атап өтті WBO.

Айта кетейік, қазақстандық жанкүйерлердің Қанат Исламның жеңісіне көңілі толған жоқ.

Олардың ойынша, төрешілер оған тым мейірімді болған. Ал жеңіске Каутондоква лайық болыпты.

Естеріңізге сала кетейік, 26 қазан күні Қанат Ислам намибиялық боксшы Каутондокваны жеңді.

Сондай-ақ, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қазақстандық спортшыны жеңісімен құттықтады.

Сіздің реакцияңыз
3
0
1
0
0
11
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel