Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Немере оттан ыстық": Жүрсін Ерман отбасы жайлы жан сырын ақтарды

Опубликовано:

Жүрсін Ерман өз жанұясы жайлы тың мәліметтермен бөлісіп, бүгінде алты шөбересі бар екенін айтты. Алайда, айтыскер бәрібір де немерелері өзіне әлдеқайда ыстық екенін жасырмады. Белгілі ақын оларды жақын тартуының себебін де түсіндіріп өтті деп жазады "Қарақатпен шай" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жүрсін Ерман сұхбат барысында өз балаларына барынша қазақи тәрбие беруге тырысқанын жеткізді.

Бірақ, немерелерінің шетелде оқып, өзге тілді меңгеруіне қарсылық білдірмеген.

"Бес-алты шөберем бар. Мен ерте үйленген жігітпін ғой. Немерені өзіміз баптап өсірдік. Ал шөбере деген сенің балаңның немересі ғой. Сол себепті, оларды соларға қарай итеріңкірейміз. Қазір солардың ортасында бақытты дәурен сүріп жатырмыз. Бала, немере, шөбере, шөпшек деп алыстап кете береді екен. Балаң ештене етпейді, немере оттан ыстық. Шөбере де жақсы, бірақ, бөтендеу болып тұратын сияқты.

Балаларымды "қазақ болыңдар" деп тәрбиеледік. Немерелерімнің барлығы жоғары білім алған. Екі немерем есіме түседі. Қызымнан туған екі екі немерем бар. Тіл үйрену заманында біз сияқты тілден кемістік көрмесін деп, екі немере қызымызды жаңа Зеландияға мектепке оқуға бердік. Біреуі сегізінші сыныпта, екіншісі тоғызыншы сыныпта сол жаққа көшті.

Оны тәмәмдап, Швейцариядағы академияны бітіріп, Испанияда магистартура оқып шықты. Біздің "қазақ болыңдар" дегенімізді ұмытқан емес. Немерелерімнің барлығы домбыра тартады. Жанағы екі қыз немерем шетелдегі оқуына домбыра алып кетті" , - дейді белгілі айтыс ұйымдастырушысы.

Сонымен қатар ақын балаларының немен айналысатынын айтып берді. Оның сөзінше, перзенттерінің ешқайсысы әке жолын қумаған.

"Сөз өнерін қуғандар ішінде болмаса, бірыңғай түсіп кеткені жоқ. Үлкен қызым ғана режиссураны таңдады. Қуыршақ театрының режиссері деген мамандық алып шықты. Телевидениеде бірақ қызмет етті. Мен өзім сөзден аулақ жүріп, басқа кәсіппен айналысуларын айтамын. Бастысы, қазақ болып, қазақтың мүддесін қорғаса болды" , - дейді Жүрсін Ерман.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1824389-nemere-ottan-ystyk-zrsin-erman-otbasy-zajly-zan-syryn-aktardy/

pixel