RU
"Келіндердің аузына түкіреді": Жасы 70-ке таяған егіз азаматтар туралы не білеміз

"Келіндердің аузына түкіреді": Жасы 70-ке таяған егіз азаматтар туралы не білеміз

Рассказать Вконтакте

Жасы жетпіске таяған егіздер Балғабай мен Балтабай Ыбырайымбековтер бүгінде тәй-тәй басқан өздері секілді егіздердің тұсауын кесіп, ырымдап жас келіндердің аузына түкіреді. Ақмола облысының Қорғалжын ауданында дүниеге келген жандар туралы Sputnik Қазақстан жазады.

Фото: © Sputnik / Абзал Калиев. Abzal KALIYEV

Фото: © Sputnik / Абзал Калиев. Abzal KALIYEV

Жас кезінде Балғабай мен Балтабайдың егіз екенін білмей, қыздар да жиі шатастырған екен.

Ыбырайымбековтер де өздері сияқты егіз қыздарға үйленіп, отау құруды қалапты. Алайда, айтуынша, ол заманда егіздер сирек болғандықтан, кездестірмеген.

Бүгінде Балтабай мен Балғабай Ыбырайымбековтер ел арасында танылып қалған. Егіз атайларға елдің түкпір-түкпірінен қоңырау шалып, ырымдап келіндердің аузына түкіруді өтінетіндер жетерлік екен.

"Осыдан үш-төрт жыл бұрын Қарағанды облысына тойға бардық. Балғабаймен бірдей киініп алған едік. Залға кіріп келгенімізде, бәрі бізге қарады. Бір-екі сағаттан кейін қасымызға отыздар шамасындағы жігіт пен қыз келді. Сөйтсек, енді үйленген жастар екен. "Аға, келіншегімнің аузына түкіріңізші, егіз сәби қалаймыз" деді күйеуі. "Жарайды, онда" деп, ырымын жасадық", - дейді Балтабай қарт.

Араға біраз уақыт салып, әлгі жігіт хабарласып, әйелі егіз күтіп жүргенін сүйіншілеген. Бұдан бөлек, Ыбырайымбековтер егіз сәбилердің тұсауын кеседі.

Фото: © Sputnik / Абзал Калиев. Abzal KALIYEV

Фото: © Sputnik / Абзал Калиев. Abzal KALIYEV

"Балтабайдың бір қасиеті бар. Бір алақанына салып көтерген сәби сегіз-тоғыз айында жүріп кетеді. Бұл дегеніңіз керемет емес пе", - дейді жары Тілеукеш Жаубасова.

Бүгінде Балғабай қария үш қызынан он бір жиен сүйген. Ал сыңары Балтабайда үш қыз, бір ұлдан тоғыз немере-жиен бар. Қарттардың ұл-қыздары елордада қызмет етеді.

Балғабай ата зейнетке шықса да, Алматы ауданының әкімшілігінде инспектор болып жұмыс істеп жүр. Ал Балтабай қария қазір үйде.

Сіздің реакцияңыз
0
1
1
0
1
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel