RU
Боксшы Абылайхан Жүсіпов шаңырақ көтерді (фото)

Боксшы Абылайхан Жүсіпов шаңырақ көтерді (фото)

Рассказать Вконтакте

Бокстан әлем чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері Абылайхан Жүсіпов отбасын құрды. Спортшының үйлену тойы Қарағанды қаласында өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қуанышты хабарды Қазақстан бокс федерациясы Instagram желісіндегі парақшасында бөлісті.

"Ұлттық құраманың боксшысы, Әлем чемпионатының қола жүлдегері Абылайхан Жүсіповты отау құруымен құттықтаймыз. Шаңырағы биік, босағасы берік болсын деп тілейміз", - делінген мәтінде.

Дүбірлі той 27 қазан күні кеншілер қаласындағы мейрамхананың бірінде өткен. Боксшының таңдауы Индира атты аруға түскен.

Абылайханның өзі жарын Instagram желісіндегі парақшасында жоғарғы оқу орнының түлегі, би тобының жетекшісі деп таныстырған.

Видео кадрларынан Абылайхан мен Индираның той залына көлікпен кіргенін байқауға болады.

Жүсіпов әулетіне түскен келіннің бетін айтыскер ақын Дидар Қамиев ашқан.

Боксшының қуанышында эстрада жұлдыздары Бейбіт Қорған, Нұржан Керменбаев, Қуандық Рақым бой көрсеткен.

Сондай-ақ, үйлену тойда Ұлттық құраманың боксшылары да қонақ болған.

Айта кетейік, Абылайхан Жүсіпов 2013 жылғы жастар арасындағы Әлем чемпионы, 2014 жылы Жасөспірімдер арасындағы Олимпиада жеңімпазы, 2014 жылы жастар арасында Азия біріншілігінің алтын жүлде иегері болып табылады.

Сондай-ақ, спортшы 2017 жылы ересектер арасында Азия чемпионатының күмісін, 2017, 2019 жылы Әлем чемпионатының қоласын алған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel