Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемдегі "қарғыс атқан" жерлер туралы не білесіз

Опубликовано:

Ғаламда таңғажайыпқа толы қорқынышты жерлер бар. Рамблерге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ жантүршігерлік тарихы бар қарғыс атқан жерлер жайлы материал дайындады.

Коллаж: KAZ.NUR.KZ.
Коллаж: KAZ.NUR.KZ.: UGC

Әлемдегі қорқынышты, "қарғыс атқан" жерлер тізімімен таныс болыңыз:

Шотландия, Чиллингем сарайы

Чиллингем сарайы — әлемдегі ең ескі "Қарғыс атқан үй". Шотландия бостандығы үшін болған соғыс кезінде бұл сарай ұлттық қаһарман Уильямс Уоллестың үйі болған. Бұл ғимараттың жертөлесінде тұтқынға алынған англиялықтарды азаптаған. Сол сәттен бастап үйдің ішін жағымсыз энергетика басқан. Көпшілік сарайдың аумағында азапталған адамдардің жүргені сезілетінін, ал айлы түндері олардың дауыстары естілетінін сөз етеді.

Фото: Tripadvisor.com
Фото: Tripadvisor.com: UGC

Фото: Glen Bowman/https:/flickr
Фото: Glen Bowman/https:/flickr: UGC

Калифорния, Винчестерлер үйі

Бұл - елестері бар ең танымал үйлердің бірі. Сара Винчестер — қару-жарақ шығарып, өндіретін танымал Оливер Винчестердың келіні. Оливер кезінде аталған үйдің иесі болған. Ол винтовканың көмегімен талай адамның жанын алыпты. Сара елестерден қатты қорыққан себепті, үйді лабиринтке айналдырыпты. Алайда қарғыс оның түбіне жетті. Алдымен келіншек күйеуі мен баласынан айырылып, содан кейін өзі жынданып кеткен.

Фото: 360tv.ru
Фото: 360tv.ru: UGC

Фото: Flickr / HarshLight
Фото: Flickr / HarshLight: UGC

Якутия, Зашиверск қаласы

Зашиверск — Якутияның елді-мекені. Бірде тұрғындар пайда табу мақсатында якутиялық бақсыны өлтіріп, оның мүлкін өзара бөліп алыпты. Содан кейін қалаға қара шешек ауруы келіп, көптеген адам көз жұмған. Алып-қашпа әңгімелерге сенсек, қайтыс болған адамдар әлі күнге дейін жан тыныштығын таба алмай, қала ішінде жүр екен. Зашиверск аумағына тап болған кез келген адам есінен ауысып, көз жанарынан айырылады екен.

Фото: photosight.ru
Фото: photosight.ru: UGC

Фото: karpukhins.livejournal.com
Фото: karpukhins.livejournal.com: UGC

Массачусетс штатындағы Салем қаласы

АҚШ-тағы ең көне қалаларының бірі - Салем жалмауыз кемпірлермен тікелей байланысты. Бұл жерден сіз жезтырнақтың белгісін кез келген нәрседен көре аласыз. Бірнеше ғасыр бұрын бұл қалада 200 сиқыршы өлтірілген. Олардың бірін асып өлтірсе, енді бірі түрмеде отырып қайтыс болған. Соған қарамастан қазіргі таңда Салемге әлемнің әр бұрышынан саяхатшылар келеді. Ал сиқыршылардың елесі әлі күнге дейін осы жерде жүреді екен.

Фото: Марина Фатеева/tourister.ru
Фото: Марина Фатеева/tourister.ru: UGC

анау мынау халаулым хайлай
Фото: Марина Фатеева/tourister.ru: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1824417-lemdegi-kargys-atkan-zerler-turaly-ne-bilesiz/

pixel