Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өте ыңғайлы": БЖЗҚ-ның Push-хабарламаларын салымшылар қалай қабылдады

Опубликовано:

Мобильді қосымшадағы экранда көрінетін хабарламалар пайдаланушыны зейнетақы жарналарының түскені туралы хабардар етеді. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылармен өзара іс-қимылының жаңа форматын қазақстандықтардың қалай қабылдағандықтарын NUR.KZ тілшісі анықтады.

"Өте ыңғайлы": БЖЗҚ-ның Push-хабарламаларын салымшылар қалай қабылдады?
Сурет: pixabay.com: Facebook

БЖЗҚ мобильді қосымшасының жаңа нұсқасы Google Play және AppStore-да жүктеу үшін қолжетімді. Енді сіз болашақ зейнетақыны есептеуге көмектесетін калькуляторды пайдалана аласыз. Сондай-ақ, сізге көмекке онлайн-бот келеді. Виртуалды кеңесші пайдаланушыға қажетті ақпаратты алуға көмектеседі. Жаңа қызметтің тағы бірі - push-хабарлама.

"Push-хабарламалар телефон мен ұялы қосымшаны пайдаланбаса да смартфоныңыздың экранында пайда болатын қысқа хабарламалар. Ол пайдаланушыларды зейнетақы түсімдері туралы уақытылы хабардар етуге мүмкіндік береді", - деп түсіндірді БЖЗҚ мамандары.

Мобильді push-хабарлама басқару оңай. БЖЗҚ қосымшасына кіріп, параметрлерге өтіңіз, содан кейін push-ескертулерді қосу/өшіру таңбашасын бассаңыз болғаны.

NUR.KZ тілшісі жаңа қызмет туралы тұрғындардың пікірін жинады:

"Шын мәнінде бұл өте ыңғайлы. Өйткені, мен зейнетақы түсімдерін әрдайым бақылап отырмаймын. Ал енді жаңа қызмет сізді жарна туралы хабардар етеді. Бұл өте ыңғайлы", - деді Алтынгүл Имашева.
"Мұндай ақпарат форматы қазір кең таралуда. Көптеген банктер мен ұйымдар SMS-хабарламалардың орнына push-хабарламаларын пайдаланады", - дейді Сергей Ковальчук.

Алайда кейбір салымшылар өз шоттарының жай-күйі мен жинақталған сома туралы мүлдем хабарсыз. Мысалы, Азамат Тілеужанов. Оның еңбек өтілі бүгінгі күні 12 жылдан асады.

"Мен зейнетақы қоры туралы алаңдамаймын. Себебі, қызмет етіп жүрген компанияның әрдайым аударымдар жасайиынына сенімдімін және ол жайында уайымдамаймын. Мұндай мобильдік қосымша бар екенін жақында ғана естідім. Әрине, бұл өте ыңғайлы. Енді болашақта зейнетке шығу кезінде ешқандай түсініспеушілік болмауы үшін оны жүйелі түрде қадағалайтын боламын", - деп сендірді Азамат.
"Менің ХҚКО-на немесе БЖЗҚ бөлімшесіне баруға мүмкіндігім бола бермейді, сондықтан enpf.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы аударымдарды бақылауға тырысамын. Ал қазір оңай болды, қосымшаны жүктеп, баптап алдым. Онда калькулятор да, қажет болған жағдайда кеңес беру де, хабарламалар да, барлығы бар", - деп атап өтті Самал Үсенова.

Айта кету керек, бағдарлама мүлдем тегін жүктеледі. Ал мобильдік қосымшада авторландырудан өту үшін электрондық цифрлық қолтаңба немесе ЖСН (логин ретінде) және пароль қажет, оны сіз браузер арқылы жеке кабинетке кірген кезде пайдаланасыз.

Егер сіз сайтта тіркелмесеңіз, БЖЗҚ-ның кез келген қызмет көрсету кеңсесіне барып, тіркелуіңізге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1824425-te-ygajly-bzzk-ny-push-habarlamalaryn-salymsylar-kalaj-kabyldady/

pixel