Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Баласын емірене құшақтаған ананың суреті желідегілердің жүрегін елжіретті (фото)

Опубликовано:

Баласын құшақтаған ананың суреті әлеуметтік желілерде үлкен танымалдыққа ие болды. Посттарда жазбаларда кадрдың Алматыдағы өрттен кейін түсірілгені айтылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: "ZTB | За тебя, Бәке"/ ВКонтакте
Фото: "ZTB | За тебя, Бәке"/ ВКонтакте: UGC

Аталған суреттер топтамасын әлеуметтік желілердегі ірі қазақстандық топтар мен парақшалар жариялады.

Суреттер сондай-ақ "ВКонтакте" желісіндегі "ZTB | За тебя, Бәке" тобында пайда болды.

Кадрда көзіне жас алған әйелдің жылған баланы құшақтап отырғаны бейнеленген.

Фотоның авторы атап өткендей, суреттер оңтүстік астананың орталығында түсірілген.

Әйел адам өз үйінде өрт шыққанын естіп, дереу жұмысын тастап келген. Бұл оқиға орнына жеткен келіншектің өз баласының аман-сау екеніне көз жеткізген сәті екен.

Фото: "ZTB | За тебя, Бәке"/ ВКонтакте
Фото: "ZTB | За тебя, Бәке"/ ВКонтакте: UGC

Суретте анасы мен қызының қуаныштан көздеріне жас алғаны көрінеді.

Посттың астындағы пікірлерде суреттердің Жамбыл көшесінде орналасқан "Отау" тұрғын үй кешеніндегі өрт кезінде түсірілгені жазылған.

Еске сала кетейік, 25 қазанда Алматы орталығында ірі өрт болды. ТЖД өкілдерінің мәліметінше, Алмалы ауданы Шевченко мен Мұқанов көшелерінің қиылысында салынып жатқан ғимараттың 13-қабатының шатыры өртенген.

Сондай-ақ қазанның 26-сынан 27-сіне қараған түні Шагабутдинов көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйде өрт шыққан.

Өрт сөндірушілер 6 адамды құтқарып, 20 -дан астамын қауіпсіз аймаққа көшірді, оның ішінде бес бала бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1824439-balasyn-emirene-ksaktagan-anany-sureti-zelidegilerdi-zregin-elziretti-foto/

pixel