Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бас кетеді": Етегін көтерген Жолдыбаева ерлер қауымын естен таңдырды (фото)

Опубликовано:

Қазақстандық шоу-бизнес сылқымы Кәмшат Жолдыбаева кезекті фотосессиясының суреттерімен бөлісіп, желіде қызу талқыға түсті. Әншінің сексуалды образдары ерлер қауымына ұнағаны соншалық, олар жарыса пікір білдіруде деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ер азаматтарды естен таңдырған суреттер Жолдыбаеваның Instagram парақшасында жарияланды.

Олардың бірінде әнші ару ұзын көйлегінің етегін көтеріп түскен. Нәтижесінде фотода өнер иесінің шұлығы көрініп қалды.

Кәмшат екінші образы үшін ашық сары түсті қысқа көйлек таңдаған.

Желідегілер атышулы әртістің жаңа суреттерінен түрлі әсер алған болып шықты. Бірі оны кезекті мәрте ерсі қылық танытты деп сынға алып жатса, ерлер қауымы керісінше әншіге дән риза болған.

"Өте батылсың" , "Жарасымды" , "Әдемі шыққан" , "Осы қызға бас кетеді" , "Ғашық еттің" , "Ешкімді тыңдама, жассың. Сұлулықты көрсете білу керек" , "Неге жағымсыз қылық жасайсың" , "Ұят деген жоқ" , "Кәмшаттың саны әдемі екен" , - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1824468-bas-ketedi-etegin-ktergen-zoldybaeva-erler-kauymyn-esten-tadyrdy-foto/

pixel