RU
"Әдейі істейтін сияқты": Азамат Сатыбалды театрды тұншықтырып жүргендер туралы жазды

"Әдейі істейтін сияқты": Азамат Сатыбалды театрды тұншықтырып жүргендер туралы жазды

Рассказать Вконтакте

Алматыдағы Ғабит Мүсірепов театрының басшысы Азамат Сатыбалды желіде ашық жазба жариялап, бүгінде театр саласына тұсау болып тұрған проблеманың бетін ашты. Танымал актер сапасыз қойылымдарды ел көзінше өтірік мақтап, сыртқа шыққан соң даттайтын ірі тұлғалы ағаларын сынға алды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Азамат Сатыбалды кейбір театр саңлақтары мен майталмандары театрды шыңға шығарудың орнына, керісінше бұл өнерді тұншықтырып жатқанын айтты.

"Қазіргі кезде қазақ театрының басты проблемасы - өтірік мақтау. Театрдың аяғына тұсау салып тұрған бірден бір фактор. Осының кесірінен ненің жақсы, ненің жаман, кімнің тұлпар, кімнің шабан екенін айыра алмай қалдық.

Кейде мүйізі қарағайдай ағаларымыз болмайтын спектакльді көзінше мақтап, былай шыға салып даттап тұрғанын көргенде, "қайран Асқар Тоқпанов сынды арыстарым-ай" дейсің.

Бірақ,сол кісілер осындай қылығымен өнерді тұншықтырып жатқанын біле тұра әдейі істейтін сияқты. Бізден кейін ешкім шықпасын дегендей. Әлде қалай?

Өтірік мақтағаннан не шықты? Ағаларымыздың аузынан шыққан әр сөзді құран сөзіндей қабылдап отырған жастар не болды. Өтірік мақтап, өнерді өшіргеннен гөрі, шырылдатып шындықты айтып театрды шыңға шығармаймыз ба?

Айтылған шынайы сынға ақымақ адам ғана ренжиді. Шын талант одан нәтиже шығарады. Басты міндет - таланттарды өсіру. Бей таланттар өнерді өшірмесе өсірмейді.

"Керуен кері бұрылса, ақсақ түйе алдыға шығады" деген. Соның кері болып жүрмесін.

Бұл менің жеке ойым. Мүмкін қателесетін шығармын. Жеке парақшамда жеке ойымды жазуға толық құқым бар. Менің ойым, қазір қазақ театрына реформа керек сияқты" , - деп жазды ол Instagram парақшасында.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
3
2
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel