Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы қонақүйіндегі бала өлімі: Күдікті британиялық болып шықты

Опубликовано:

Алматы қонақүйінде 1,5 жасар туған қызын өлтірді деп күдіктелген ер адам Ұлыбритания азаматы болып шықты деп хабарлайды қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Күдікті алдағы екі ай қамауда болады. Іске байланысты басқа деректер жария етілмейді.

Еске сала кетейік, 24 қазан күні таңертең "InterContinental" қонақүйінде ер адам туған баласын тұншықтырып өлтірді деген ақпарат тараған болатын.

Белгілі болғандай, ер адам баланы бірнеше рет басынан ұрған. Алматылық медиктер қанша тырысқанмен, баланы аман алып қалуға мүмкіндік болмады.

Аталған іс ҚР ҚК-нің 99 бабы бойынша тергелуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1824480-almaty-konakjindegi-bala-limi-kdikti-britanialyk-bolyp-sykty/

pixel