Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ешкімнің ала жібін аттамадым": Ақтөбелік экс-шенеунік сотта ант-су ішті

Опубликовано:

Ақтөбе қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы Жанаргүл Дүйсекенова мен  халыққа қызмет көрсету мекемесінің бұрынғы қызметкері Гүлайым Нұрмұхановаға қатысты алғашқы сот отырысы өтті. Мемқызметкерлерге алаяқтық жолмен ақша жасады деген айып тағылуда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Айыптау қорытындысында Гүлайым Нұрмұханова мен Жанаргүл Дүйсекенованың қызмет барысында танысқаны айттылды. Дүйсекенова 2014-2015 жылдары Нұрмұхановадан 2 миллион теңге сұрап, оған бас маман қызметін ұсынған және  мемлекеттік бағдарлама арқылы 2 бөлмелі пәтер алуға болатынын айтқан.

Іс материалдарына сәйкес, айыпталушылар тіл табысып, жалдамалы пәтерді кезексіз алатын адамдарды іздейді. Қызығы, барлық келісімдер қызметтік телефонмен сөйлесу кезінде жасалған. Лауазымдарын асыра пайдаланған шенділерге медицина қызметкері мен кәсіпкерлер миллиондап ақша беріп алданған.

Тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы Жанаргүл Дүйсекенова сотта жәбірленушілердің ешқайсысын танымайтынын және өзінің кінәсіз екенін айтумен болды.

Бірнеше томнан тұратын сот отырысы жалғасып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1824488-eskimni-ala-zibin-attamadym-aktbelik-eks-seneunik-sotta-ant-su-isti/

pixel