RU
80 млн доллар ұтып алған қария жұмысын тастаудан бас тартты

80 млн доллар ұтып алған қария жұмысын тастаудан бас тартты

Рассказать Вконтакте

Американың Мичиган штатының тұрғыны Филип Чиппева Michigan Powerball лотереясынан 80 миллион доллар ұтып алды деп хабарлайды Lenta.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Филип Чиппева әйелімен. Кадр: видео nbc25news.com

Филип Чиппева әйелімен. Кадр: видео nbc25news.com

21 қыркүйекте дүкенге азық-түлік алуға келген Чиппева бірнеше лотерея билетін сатып алған. Билеттерді көлігіне салып қойып, олар туралы ұмытып та кеткен екен.

Кейінірек оған келіні хабарласып, оның өңірінде жеңімпаз бар екенін айтқан. Чиппева әйелімен бірге дереу билеттерді тексеріп көрген. Ол өзінде ұтыс билетін анықтаған кезде жұбайы екеуі көздеріне жас алғандарын жасырмады. Осылайша, салық төлегеннен кейін ол ұтыстың 42 миллион долларына ие болды.

7 баласы, 21 немересі бар Чиппева ұтқан ақшасына өзіне және балаларына үйлер мен көліктер сатып алуды жоспарлап отыр. Ол кенеттен келген байлыққа бола, адами тұрғыда өзгермейтінін алға тартады.

Миллионер атанған ер адам қомақты ұтысқа кенелсе де, жұмысын тастаудан бас тартқан екен.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
12
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel