Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"17 мың теңге тұрды": Әйелі тойға көйлек алып бермегені үшін кетіп қалған азамат сырын ақтарды

Опубликовано:

17 мың теңге тұратын көйлекті әпермегені үшін, үйінен кетіп қалған әйел көптің сынына ұшырады. Өз оқиғасын otbasysyrlary парақшасына жазған ер адам, жан жарына көйлекті айлық уақтылы түспегені үшін әпере алмағанын ашып айтқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Ер адамның айтуынша әйелінің үйден кетіп қалғанына біршама уақыт болған екен.

"Сәлем бәріне, менің әйелім үйіне кетіп қалды. Екі апта болды. Ұрсып қалдық. Тойға бір көйлек айтып жүрген еді, 17 мың теңге тұрады екен. Сол уақытта айлық кешігіп, әпере алмадым", - деп ағынан жарылған ол.

Оның сөзінше ол тіпті әйеліне сол өтініші үшін қол көтерген екен.

Достарыңнан сұра деп миымды ашытты. Ұрсып, ұрып жібердім. Ұлымды алып кетті. Содан бері аш жүрмін, кешірім сұрап, алып келсем бе? Әлде өзі келе ме? Ақыл-кеңестеріңіз қажет", - деп жазған ер адам.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1824495-17-my-tege-trdy-jeli-tojga-kjlek-permegeni-sin-ketip-kalgan-er-adam-zan-syryn-aktardy/

pixel